Қазақстан төлқұжаты 70-орында тұр
Қазақстан төлқұжаты 70-орында тұр
326
оқылды

Henley & Partners консалтингілік компаниясы жылдағы дәстүр бойынша саяхат үшін ыңғайлы әрі ең тартымды паспорттар рейтингін жариялады. Сол тізімде біздің төлқұжат 70-орынға жайғасқан. Ал былтыр дәл осы рейтингте Қазақстан паспорты 67-орында болған.

Henley Passport Index рейтингі Халықаралық әуекөлігі қауымдастығының (IATA) эксклюзив мәліметтеріне негізделеді. 199 елдің төлқұжаты мен 227 туристік бағытты қамтиды. Кез келген елде визалық саясаттың өзгертілуіне байланысты рейтинг жыл бойы жаңартылып отырады. Төлқұжаттар рейтингінің алғашқы бестігінде Жапония, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея мен Финляндия тұр. Мәселен, Жапонияның паспортымен әлемнің 191 еліне саяхаттауға болады. Үздік төлқұжаттар қатарында, сонымен қатар Италия, Люксембург, Испания, Австрия, Франция, Ирландия елдері бар. Тізімнің ең соңында Ирак пен Ауғанстан орналасқан. Ал Қазақстан биылғы рейтингіде 70-орыннан көрінді. Бізбен бірге  осы орында Беларусь пен Қытай тұр. Қазақстан мен аталған осы екі елдің азаматтары әлемнің 75 еліне ұшып бара алады екен.

Жадыра АҚҚАЙЫР