Қарағандыда 97 жастағы қария дауыс берді
Қарағандыда 97 жастағы қария дауыс берді
264
оқылды

Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жастағы Бүркіт Есжанов Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты.

Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы 77 ЖОББМ №169 сайлау учаскесіне ол таңғы жетіде жұбайымен бірге келді. Ардагер учаскенің барлық қажетті заттармен жабдықталғанын, санитарлық талаптар сақталғанын және оған дауыс беру ыңғайлы болғанын атап өтті. қария – Сайлау – біздің болашағымызға, халықтың өркендеуіне жол ашатын қадам. Сондықтан біз таңдаған партияға дауыс береміз. Мен сайлауға жұбайыммен келдім. Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын, – деді ақсақал. Қарағанды облысындағы барлық сайлау учаскелері мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне және санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталды.

Ләззат Қожахметова