Шымкентте алғашқы дауыс берушілерге хәкім Абайдың кітабы сыйға берілді
Шымкентте алғашқы дауыс берушілерге хәкім Абайдың кітабы сыйға берілді
5,206
оқылды

Бүгін елімізде аса маңызды саяси науқан – Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтіп жатқаны белгілі. Бұл сайлау Қазақстанның жаңа онжылдықтағы даму бағытын айқындап береді десек қателеспейміз.

Шымкент қаласында 312 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Халықтың белсенділігі жоғары. Таңмен таласа тұрып, сайлау учаскелеріне алғашқы болып келген азаматтар тосын сыйға ие болды. Оларға хәкім Абайдың қара сөздері жазылған құнды кітап сыйға тартылды. Жалпы, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, миллион халқы бар мегаполисте 617 мың адам дауыс беру құқығына ие.

Н. Назарбек, Шымкент қаласы.