Талдықорғанда 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Саяси науқанға байланысты қала билігі осындай мүмкіндік жасап отыр. Автобустар таңғы сағат 6-дан кешкі 9-ға дейін қызмет көрсетеді. Барлық бағыт бойынша санитарлық талапттың қатаң сақталуы, бетперде тағу міндеттелген.
Сондай-ақ іштегі сыйымдылық 50 пайыздан аспауы тиіс.