Қазақстанда сайлау санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.
Астана қаласындағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өтіп жатқан сайлауға келгендер арнайы тексеруден өтіп жатыр.


Сайлау учаскесіндегілер арақашықтықты сақтауға міндетті.

Биыл сайлауға әр адам өзі қаламсап алып келуі тиіс. Алып келмеген жағдайда учаскеде қаламсап беріледі.

