– Нұр-Сұлтан қаласындағы №309 сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушы ретінде таңнан бері отырмыз. Барлығы жақсы өтіп жатыр. Сайлауға дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың. Елімізде болып жатқан айтулы оқиғаға қатысу әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің татулығы мен бірлігі үшін дауыс беру менің де міндетім деп санаймын. Дауыс беру қалыпты деңгейде өтіп жатыр. Азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында келушілердің барлығы медициналық маска тағып, қолға бір реттік пайдаланылатын қолғаптар берілді. Тиісті сақтық шараларының барлығы орындалды.