Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің болашағы үшін дауыс берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің болашағы үшін дауыс берді
179
оқылды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter-де жазды.

Nur Otan партиясының Төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Елбасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде бүгін қазақстандықтардың еліміз үшін ең маңызды саяси оқиғаға қатысып жатқанын атап өтті. – Бұл сайлау Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келді. Бүгін бәріміз сайлауға жарқын болашақ, қазақстандықтардың өркендеуі мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін қатысып отырмыз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.  width= Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрамдағы Мәжіліс пен мәслихаттардың алдында күрделі әрі жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті. – Отыз жыл ішінде біраз шаруа атқарылды. Ынта-жігер мен береке-бірліктің арқасында бірталай жетістікке қол жеткіздік. Ең бастысы – біз мемлекеттің негізін қаладық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Елбасы қазақстандықтарды Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға және дауыс беруге шақырды.