«Әзірге бәрі тыныш, ешқандай шағым, реніш байқалмады» – Оразгүл Асанғазы, тәуелсіз бақылаушы
«Әзірге бәрі тыныш, ешқандай шағым, реніш байқалмады» – Оразгүл Асанғазы, тәуелсіз бақылаушы
308
оқылды
– Нұр-Сұлтан қаласындағы №330 сайлау учаскесінде бақылаушы болып отырмын. Сайлауға дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылардың қарасы өте көп. Барлығының да көңіл күйі жоғары. Менің көзімше, екі-үш ана дауыс берді. «Бәрі жақсылыққа болсын, елімізде тыныштық болсын» деген  аналық тілектерін айтуда. Бір жас жігіт «Елбасымыздың бастамалары үшін дауыс беремін» деген пікірін айғайлап, айтып қалды. Қазірдің өзінде сайлаушылар өте көп. Жабырқау жүрген жан көрінбейді. Барлығы да талапқа сай өтуде. Кіре берісте бетперде таратып, медициналық қолғаптарын беріп, қызуын өлшеп тұр. Аты-жөнін айтып, дауыс беру парағын алып жатқандар өте көп. Бәрі де кезек-кезегімен кіріп жатыр. Әзірге бәрі тыныш, ешқандай шағым, реніш байқалмайды.