Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылық болған жоқ – Нұрлан Өтешев
Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылық болған жоқ – Нұрлан Өтешев
179
оқылды

Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.  Бұл туралы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы байқаушыларының республикалық штабының жетекшісі Нұрлан Өтешев хабарлады.

Оның айтуынша, ҚКФ Республикалық штабының бақылаушылары да тіркеуден өтіп, елдің сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7-де жұмысын бастады. «Біз сайлауды бейпартиялық бақылау орталығының құрылтайшысы ретінде 7 мыңнан астам бақылаушыны дайындадық. Олардың барлығы учаскелерде өз міндетін атқарып жатыр. Барлық ақпарат бейпартиялық бақылау орталығында жинақталған. Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Біз әр байқаушымен байланыстамыз», – деді ол. Оның пікірінше, сайлауды бейпартиялық бақылау орталығындағы Кәсіподақтар федерациясы мен Азаматтық Альянс байқаушыларының күш-жігерін біріктіру сайлауды бақылауда өте тиімді.

Тұмар МЫРЗА