Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі тиіс екенін айтты.
"Үкіметке келетін болсақ, ол біздің заң бойынша отставкаға кетуі тиіс. Мен жақын арада сайлау аяқталғаннан кейін Парламентке премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша депутаттардың жаңа құрамының алдында фракция жетекшілерімен кеңесу үшін барамын", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда Нұр-Сұлтандағы № 58 учаскеде дауыс берді.
Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.