Көкшетау қаласында 104 жасқа келген кейуана Парламент және Мәжіліс сайлауына қатысып дауыс берді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысқан кейуана ақ батасын берді. Кейуана өз дауысын лайықты партияға бергенін жеткізіп, елдің болашағы үшін нық сенімді екенін жеткізді.
«Бүгінгі сайлауға қатысып өз дауысымды бердім. Қазақстанымыз көркейе берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын деп тілеймін, - дейді Гүлшара апа.
104 жастағы әжейге гүл шоқтары табыс етілді.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы