Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектеп оқушысы 11 қаңтар күні қашықтан оқиды. Бұл жайында елорда әкімдігі хабарлады.
«ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының өтуіне орай білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде қолданылуына байланысты, 11 қаңтарда мектептерде дезинфекциялық шаралар жүргізіледі.
Сол себепті 11 қаңтар күні мектептерде сабақ қашықтан оқыту форматында өтеді. 12 қаңтардан бастап 1-5 сынып және 9, 11 (12) сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері негізінде кезекші сынып режимінде оқуын жалғастырады», - делінген ақпаратта.