– Ең басты мәселенің бірі – індеттен сақтану. Сайлау учаскесіне қосымша бетперде мен медициналық қолғаптардың жеткізілгенін көрдік. Кейбір адамдарға қажет кезінде таратылып жатыр. Одан бөлек, дезинфекция құралдары да қамтылған. Бұл дауыс берушіге тиімді жағдай жасалғанын аңғартады. Ал сайлау процесіне келсек, еш заңбұзушылық көргенім жоқ. Барлығы талапқа сай, әділ әрі ашық өтуде, - дейді ол.Одан бөлек, сайлауға дауыс беруге келген Қазақстан Өзбектері этномәдени бірлестіктері достық қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов осы сайлаудан соң көптеген оң өзгеріс күтетінін жеткізді.
– Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда әйелдер мен жастардың үлесі артатынына өз басым ризамын. Себебі саяси өзгерістер жастардың қатысуынсыз өтпегені жөн, алғашында қиналар, дегенмен әрі қарай еңсесін тіктей алады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында саяси жаңалықтарды жаңа депутаттармен бірге жасағанын құптаймын, - деді дауыс беруші.
Мадияр Төлеу