Теннис: Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты
Теннис: Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты
166
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 72-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен кездесті. Бұдан бұрын қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік теннисші басым түскен еді. Бұл жолы бірінші партияда брейк жасай білген Е.Рыбакина сол басымдылығын сақтай алды – 6:3. Бәсеке 1 сағаттан астам уақытқа созылды. Осылайша, Е.Рыбакина Д.Касаткинадан өткен жылғы жеңілісінен қарымта қайырды. Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 10-ыншы, осы доданың 4-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен шеберлік байқасады. А.Соболенко үшінші айналымда тунис теннисшісі Онс Жаберді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп ол өткен маусымның соңынан бері қатарынан 12-інші жеңісіне қол жеткізді.