– Талдықорған қаласындағы №988 сайлау учаскесінде байқаушы болып отырмын. Таңертеңнен бері сайлаушылар қарасы жоғары. Дауыс беруге келгендер өте көп. Әрқайсысы өз таңдауын жасап жатыр. Біріншіден, санитарлық талаптар сақталған. Әр партияның өз байқаушылары қадағалап отыр. Сайлау комиссиясының жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылған. Сайлаушылар тарапынан ешқандай арыз-шағым жоқ. Қазірге дейін 700-ге жуық адам келді. Сайлаушылардың 30%-дан астамы дауыс беріп үлгерді. Әлі де үзіліссіз келіп жатқандар өте көп. Әр азаматтың дауыс беру құқығы сақталған. Бәрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.