"Жалпы Ақмола облысы бойынша 519 633 адам сайлаушы тіркелген. Шетелден келген17 байқаушы Ақмола облысы бойынша Ақкөл, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларында болды. Байқаушылар аталған аудандарда бірнеше сайлау учаскесін аралап шықты. Франция Парламент ассамблеясынан, Польша Еуроодағынан, Финляндиядағы ОБСЕ-ден келді. Мұнымен қоса «Азаматтық альянстан» 697, кәсіподақтық федерациялардан 200, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардан 106 байқаушы қатысып жатыр", - дейді облыстық байқаушылар штабының жетекшісі Ерлан Закирьянов.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы