Қазақстанда тәртіп пен тыныштық байқалады – Польша Сеймінің депутаты
Қазақстанда тәртіп пен тыныштық байқалады – Польша Сеймінің депутаты
5,309
оқылды
Егер  посткеңестік кеңістіктегі сайлау процестерін салыстырса,  Қазақстанда тәртіп пен тыныштық байқалады. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауын бақылау үшін Қазақстанға келген Польша Сеймінің депутаты, «Азаматтық платформа» партиясының өкілі Томаш Ленц осылай деді. Ол сайлау барысын бақылай келе, Қазақстанның жаңа дәуірге аяқ басқанын, себебі сайлауға қатысу үшін  алғаш рет 5 саяси партия тіркелгенін атап өтті.
«Польшада сайлауға әрдайым көп партия қатысады. Ал қазақстандықтар үшін бұл жаңа жағдай. Қазақстанның барлық азаматы алғаш рет түрлі партиялардың сайлау алдындағы платформаларынан ұнаған бағдарламаны таңдап, дауыс бере алады. Егер біз посткеңестік кеңістіктегі сайлау процестерін салыстырсақ, онда Беларуссия, Украина мен Қырғыз Республикасында не болғанын қараңыз. Қазақстанда тәртіп пен тыныштық байқалады», – деді поляк байқаушысы.