Ақтау полициясы екі жасар баланың арманын орындады
Ақтау полициясы екі жасар баланың арманын орындады
223
оқылды

Ақтауда екі жасар баланың анасы Instagram желісі арқылы Ақтау полиция бөліміне хабарлама жазған. Хатта бүлдіршіннің полицей болуды армандайтыны және "шынайы патрульдік көлікке отырғысы келетіні" туралы айтылған.

Polisia.kz-тің жариялауынша, полицейлер бүлдіршінге қуаныш сыйлап, арманының орындалуына атсалысты. Жергілікті полиция қызметі полиция бөлімінің взвод командирі Айдар Абутханов пен батальонның кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Асхат Ибраев Жаңа жыл қарсаңында кішкентай Исаға қызметтік көлікпен қонаққа келді. Бала өз үйінің ауласында полицейлерді көргенде таңғалып, анасымен бірге көлікке отырып, серуендеп шыққан. "Жаңажылдық мереке кезінде балалардың тілегін орындау өте әсерлі. Маңызды және жауапты іс дер едім. Әсіресе, шырша астындағы кәмпиттерді ғана емес, болашақта отбасы мен достарын қорғауды армандайтындар үшін бұл – үлкен қуаныш", – дейді полиция бөлімінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев. Ал патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Есмұхан Төреғалиев сәбиге мерекелік сыйлықтар табыстады.