Электораттың 58,2% сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетенін алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев хабарлады. Электораты ең белсенді өңір Қостанай облысы болып отыр. Аталған облыстағы сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берген.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін сайлаушылардың 58,2% алды», – деді Ерлан Дауылбаев ОСК-ның арнайы брифингінде.
Оның айтуынша,
Ақмола облысы бойынша – 65,1 %
Ақтөбе облысы бойынша – 52,4 %
Алматы облысы бойынша – 66,5 %
Атырау облысы бойынша – 51,1 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 57,7 %
Жамбыл облысы бойынша – 68,3 %
Қарағанды облысы бойынша – 65,2,8 %
Қостанай облысы бойынша – 69,1 %
Қызылорда облысы бойынша – 67,9 %
Маңғыстау облысы бойынша – 49,1 %
Павлодар облысы бойынша – 64,5 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 69,8 %
Түркістан облысы бойынша – 59,9 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 67,2 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 44 %
Алматы қаласы бойынша – 27,7 %
Шымкент қаласы бойынша – 53,2 % электорат дауыс берді.
Келесі шұғыл ақпарат сағат 20.00-де баяндалады.