Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін ел ішіндегі электораттың 63,1% сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетенін алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады. Электораты ең белсенді өңір ретінде Солтүстік Қазақстан облысы алға шықты. Бұл өңірдегі сайлаушылардың 75% астамы сайлау учаскесіне барды.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін сайлаушылардың 63,1 % алды», – деді Сәбила Мұстафина ОСК-ның арнайы брифингінде.
Оның айтуынша,
Ақмола облысы бойынша – 72,8 %
Ақтөбе облысы бойынша – 57,7 %
Алматы облысы бойынша – 73,5 %
Атырау облысы бойынша – 55,5 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,5 %
Жамбыл облысы бойынша – 72,2 %
Қарағанды облысы бойынша – 70,7 %
Қостанай облысы бойынша – 71,8 %
Қызылорда облысы бойынша – 72,7 %
Маңғыстау облысы бойынша – 54,0 %
Павлодар облысы бойынша – 71,3 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 %
Түркістан облысы бойынша – 65,8 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %
Алматы қаласы бойынша – 30,3 %
Шымкент қаласы бойынша – 56,5 % электорат дауыс берді.
Келесі шұғыл ақпарат сағат 22.00-де баяндалады.