"Демократия институты" сауалнамасы бойынша "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді
"Демократия институты" сауалнамасы бойынша "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді
206
оқылды
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауында «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72% пайыз дауысын иеленді.
"Демократия институты" 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Оның нәтижесі бойынша "Nur Otan" демократиялық партиясына сайлаушылардың 72%, "Қазақстанның Халық партиясына" 9,54%, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясына- 4,93%,  "Ақ жол" демократиялық партиясына 10,2%, "ADAL" саяси партиясына 3,25% дауыс берген", - деді институт директоры Татьяна Башарина.
«Демократия инстутының» интервьюерлері 500 сайлау учаскесінде Еxit poll жүргізген. 20 мың адамнан сауалнама алынған. Сауалнама қателігі 2,5 пайыз шамасында. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Ал жергілікті мәслихаттарға 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан - 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелген.    width=