11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
127
оқылды

Алайда тұман түсіп, жел күшейеді. Боран соғуы ықтимал.

Атлант циклонының әсерінен ауа температурасы жоғарылайды. Солтүстік, орталық өңірлерде қар жауады. Батыс пен солтүстік-батыста қар жауады. Кей жерде тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады.