Осы орайда Н. Назарбаев басқа елдер Қазақстан тәжірибесін үйреніп жатқанын айтты. Сондықтан Ассамблеядан сайланған депутаттар елдің бірлігін сақтап, қазақ халқының төңірегінде барлық адамды біріктіруге өз үлесін қосады. Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығаратын болады.– Бұл алдағы бесжылдық бағдарламамызды бекіткен үлкен сайлау болды. Бұл сайлауда Nur Otan партиясы тағы да үлкен жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Бүгін Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік. Ассамблеямыз 25 жылдан бері еліміздегі этностар мен діндерді бір-біріне жақындастыратын, төзімділікті тәрбиелейтін, бірлікті насихаттайтын, елімізді алға жетелейтін бірегей орган болып келе жатыр, – деді Елбасы.
Мадияр ТӨЛЕУ