Сайлау жаңа саяси кезеңнің қақпасын ашып берді – Андрей Чеботарев
Сайлау жаңа саяси кезеңнің қақпасын ашып берді – Андрей Чеботарев
200
оқылды

Бұл туралы «SAILAU-2021: Парламент сайлауының алдын ала қорытындылары» атты сараптамалық талқылауда айтты.

Пандемия халыққа да, мемлекеттік билікке де оңайға түскен жоқ. Себебі індет біреуді бай, біреуді кедей деп бөлмей, көз алдындағысын жайпап өтті. Соған қарамастан, экономикалық ахуалды тұрақтандыруға қол жетті. Саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Пандемияға байланысты сайлау мерзімі өзгеретіні, дауыс беру онлайнға өтетіні жайлы әртүрлі алыпқашпа әңгіме болған еді. Алайда елдің басшылығының еңбегін атап өту керек. Себебі, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ең бастысы, сайлау – 2021 жылдың жаңа саяси кезеңінің қақпасын ашып берді. Енді Мәжілістің жаңа құрамына үлкен жауапкершілік артылғалы отыр. Партиялардың кейбірі сайлауда өтпей қалса да, олардың өкілдері жергілікті мәслихаттарда болар деген сенімдеміз. Себебі өңірлерде белгілі бір адам әкімдіктің көмегімен сайланып жатса, ештеңе істемей, өз мүддесімен жүрсе ешнәрсе өзгермейді. Мәселен, пандемия өршіп тұрғанда мәслихаттардың тіпті барын ұмытып кеттік. Ал енді мәслихаттарда саяси партиялардың өкілдері болса, оларға деген талап та күшейер еді.