Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.
10 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.
2 655 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам, анықтамасыз 372 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз - 156;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз - 216 адам келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Cондай-ақ 2021 жылдың 9 қаңтарында ПТР анықтамасыз Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.