«Taza sailau» сайлау барысында 500 бұзушылықты анықтаған
«Taza sailau» сайлау барысында 500 бұзушылықты анықтаған
251
оқылды
Алматы қаласында «Taza sailau» тәуелсіз байқаушылар азаматтық қозғалысы өкілдері баспасөз брифингін өткізіп, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды бақылауын қорытындылады. Тәуелсіз байқаушылардың тіркелмеген азаматтық қозғалысы «Балалар қорғауда» қоғамдық қорының құрылтайшысы Жанна Ахметованың бастамасымен әлеуметтік желілерде жұмысын бастаған болатын. Бұл бастаманы қоғам қайраткері Бигелді Ғабдуллин, журналист Махат Садық, тележурналист Ерқанат Көпжасарұлы және саясаттанушы Эдуард Полетаев та қолдап, сайлаудан бірнеше ай бұрын жұмысты жүйелі түрде бастап кетті. Олар сайлау күні бірнеше баспасөз брифингін өткізіп, сондай-ақ әлеуметтік желілерде арнайы посттар жазып, сайлаудың өту барысымен көпшілікті құлағдар етіп отырды. «Taza sailau» тәуелсіз байқылаушылары қозғалысы Қазақстанның 25 қаласындағы 3138 сайлау учаскесіне 5 мыңға жуық байқаушыны жіберген. Осылайша «Taza sailau» 10 мың сайлау учаскесінің 31 пайызын қамтыды. Қоғам қайраткері Бигелді Ғабдуллин баспасөз брифингінде сайлау әділ және таза өткенін айтты.
«Қозғалыс құрылған сәттен бастап жас саясаткердің онлайн мектебін ашып, байқаушылар үшін оқыту жүргізілді. 2 ай ішінде мектеп еріктілерді оқыту бойынша онлайн семинарлар мен тренингтер өткізді», – деді ол.
Ал Жанна Ахметова «Taza sailau» тәуелсіз байқаушылар қозғалысы байқаушылары күні бойы сайлауды бақылап, дауыс беру қорытындысы бойынша бүкіл ел бойынша 500 бұзушылықты анықтағанын, олардың арасында Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары көш бастап тұрғанын тілге тиек етті. Журналист Ерқанат Көпжасар 500 бұзушылықтың 16%-ы сайлау учаскелерінде анықталғанын айтты.
«Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 бұзушылық фактісі анықталды. Мысалы, №335 учаскеде сайлаушы жас қыздың тіркеу журналында оның қолы бар екенін анықтаған кезде факт тіркелді. Аталған факті бойынша акт жасалды», – деді ол.
Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, тәуелсіз байқаушылар енгізілген шектеулерге байланысты саяси партиялардың кейбір өкілдері учаскелерге кіре алмаған.
«Taza sailau» байқаушылары жергілікті жерлердегі ЖСУ өкілдерімен дауласып, сайлау учаскелерінде болу құқығын дәлелдеуге мәжбүр болды», – деді ол.
Сондай-ақ қатысушылар арасында бұзушылықтар Шығыс Қазақстан облысында да анықталғанын атап өтті. Онда Семей және Өскемен қалаларының байқаушылары сайлау учаскелерінің суықтығына шағымданған. Бұл ретте құқық бұзушылық анықталған жоқ. Қоғам қайраткері Бигелді Ғабдуллин бұған дейін жалпы сайлау барысының тұрақты, қалыпты болғанын тілге тиек етіп, алматылықтардың сайлауға қатысу белсенділігі орташа болғанын айтқан еді.