Саясаттанушы Нұрат Ілияс Орталық сайлау комиссиясы жариялаған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
"Қазір сағат 15:00-те ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады. Соңғы толық нәтиже емес, бірақ соған жақын. Кешегі «Exit poll»-дан алыс кетпеді. Төмендегі суреттен көргеніңіздей үш партия Мәжіліске өтті. Енді 5 жыл бойы елдің басты заңдарын шығарып отырады. Көп айтты, дауыс берді, қалғаны көнді.Неліктен «Нұр Отан» партиясы сайлауда жеңіске жетті?Алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар бойынша әйелдер мен жастарға арналған партиялық тізімге 30% квота енгізді.Бұл сайлауға «Нұр Отан» партиясы толық дайындықпен келді.«Нұр Отан» атқарушы билік пен азаматтар арасындағы нағыз көпірге айналды.Халықпен әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы байланыс орнатты. Соңғы 5 жылда «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдау бөлмелері 1,2 миллионнан астам өтініш қабылдады. 92% шешілді.Тарихта тұңғыш рет праймериздер жаңа форматта өтті, барлық аймақтарда партия лидерлері таңдалды. Аймақтардан жастар шығып, партияға қабылданды. Олардың 20% -дан астамы жастар, ал 30% -ы әйелдер. Міне Сізге 50 пайыз дауыс.Праймериздер сөз жүзінде емес, іс жүзінде өз аймағын және елін дамытуға қатысуға, жауапкершілікті алуға дайын барлық адамдар үшін «әлеуметтік лифт» болды.«Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасы 255 нақты шаралар мен 160 индикаторлардан тұрады. Толығырақ есептелген, қаржымен және нақты ресурстармен қамтамасыз етілген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті 21 трлн. теңгені құрайды.«Нұр Отан» - ең қиын жағдайларда да одан әрі қалай дамуға болатыны туралы нақты көзқарасы бар жалғыз партия.Міне осылай жеңіске жетті. Қалай түсінбейсіздер-ей?Енді келесі интрига жаңа үкімет қалай құралады? Соны талқылап отырыңыздар", - деп жазды ол.