Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
12 қаңтарда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел болады.
12 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, боран болады. Солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 12 қаңтарда қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с болады.
12 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Орал қаласында 12 қаңтарда тұман болады.
12 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні – 25 м/с болады.
Көкшетау қаласында 12 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні – 15 м/с болады.
12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, түнде екпіні – 25 м/с болады.
Павлодар облысында қар жауады, бұрқасын болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с болады.
12 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с болады.
Қарағанда қаласында 12 қаңтарда бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с болады.
12 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавл қаласында бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с болады.