Сайлаудың ерекшелігі – додаға түскен журналистердің көптігі
Сайлаудың ерекшелігі – додаға түскен журналистердің көптігі
238
оқылды

Алматы қаласы Бостандық ауда­нындағы №301 сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, өзі­міздің азаматтық мінде­тімізді орындадық. Сай­лау учаскесінде ұйымдастыру, әсіресе ден­саулық сақтау шарт­­тары жақсы жолға қойылған. Соған разы болдық. Көлденең заң­бұзушылық, тәр­тіпбұзушылықты бай­қамадық.

Бұл сайлаудың біз үшін ерекшелігі бар. Өйткені бұл сайлауға белгілі жас журналистер көп түсіп жатыр. Журналистер – халықтың үні, сөзі, тілі. Жас жур­налистер болғандықтан, олар батыл болады. Олар барса, Парламенттің сапасы сөзсіз көтеріледі. Өйткені журналистер онсыз да жаяу жүрген сая­­­саткерлер. Ал Парламент қабырғасына олар халық өкілі ретінде барады да, ылғи халықтың сөзін айтып отырады. Жаңа сайланған депутаттарға аманатымыз бар. Ол аманатымыз – өткен 30 жыл бойы Парламент заң­­­дарды қазақ тілінде емес, мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде қабылдады. Бұл, әрине үлкен келеңсіздік еді. Парламенттің жаңа құрамы осы келеңсіздіктен құт­­қарар деген үмітіміз бар. Сайлауда Алматы халқы айтарлықтай белсенділік танытпады, оған ешкім кінәлі емес. Оның себебі Алматы халқын саясаттанған халық деп түсіну керек. Сая­саттанған халық көп жағдайда сынға бейім тұрады. Кеше біз сын айтатын саясаткерлер, зиялы қауым және қарапайым азаматтар Алматыда жетерлік екенін көрдік деп ойлаймын. Жаңа Парламент халықтың жағдайын көтеруге барын салу керек. Бұл Президентке де, Үкіметке де қатысты. Сонда жалпы билікке, қазіргі қоғамға көңілі толмайтындардың қатары азайған болар еді.

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері