Қоғам ұйымшылдық танытты
Қоғам ұйымшылдық танытты
208
оқылды

Жалпы, биылғы сайлау жылдағыдан өз­геше болып тұр. Дегенмен осы жолғы пар­тиялық сай­лауды қолдаймын. Неге дейсіз бе?! Халыққа, қоғамға жалғыз, жалқы бол­май, бір үлкен ұйым, қо­ғам болып, бірігіп қыз­мет жасағаны тиімді болады деп ой­лаймын. Жалғыздың үні шық­пай­ды. Оны атам қазақ ертеде-ақ айтып кеткен. Ал партия­ластар болып, өз партиясының сай­лауал­ды бағдар­ламаларында айтылған мін­деттерді орын­дауға жұмыла кіріссе, елге пай­дасы көбірек тимек.

Алайда мені кейбір партиялардың кандидаттары аз болғаны қынжылтты. Қазақстандық партия құрған соң оның пікірлес адамдары да көп болуы керек емес пе?! Сонда ғана алға қойған мақсатқа жетеді. Барлық сай­лауға қатысып, дауыс беріп келемін. Бұл жолы да Шымкент қаласындағы №10 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Бүгінде азаматтардың саяси көзқарасы қалыптасқан. Олар­дың белсенді қатысып жатқанына көз жеткіздік. Сайлау өз деңгейінде тыныш, заң талабын сақтай отырып өтті. Бүгін жеңіске жеткен партиялардың статистикасы болжамданып айтылып жатыр. Барлығының мүд­десі – елдің жарқын болашағын ойлау. Олардың әрқай­сысының бағдарламасында елімізді көркейту, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту, эконо­микамызды дамыту мүддесі жатыр. Сондықтан Қазақстанды өркентуде бірлесе ын­ты­мақ және бірлікті ұстансақ дейміз.

Исмайылбек ШАЛАБАЕВ, Қазақстанның құрметті қаржыгері, еңбек ардагері Шымкент қаласы