10 қаңтарда елімізде аса маңызды оқиға Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Қазақстан халқы сайлау учаскелеріне барып, өзінің азаматтық парызын орындап, болашақ үшін дауыс берді.
Біздің халқымыз саяси дұрыс жолмен келеді. Қазақстанның барлық қиындықтарды жеңіп, мықты мемлекет болатынына сенімдімін.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және чуваш этномәдени орталығының төрайымы ретінде сайлау учаскесіне отбасыммен бірге келдім. Сайлау күні тұрғындар мерекелік көңіл күйде болды. Көпшілік отбасымен бірге белсенді дауыс берді. Біздің әрқайсысымыз саналы түрде өзіміздің азаматтық парызымызды орындап, дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймын. Сайлауға келген әрбір Қазақстан азаматы еліміздегі тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге, қазақстандықтардың одан әрі гүлденуі үшін дауыс берді деген сенімдемін.
Елена МАЩИНСКАЯ,
Ақмола облысы
чуваш этномәдени
орталығының төрайымы