«Қазгидрометтің» мәліметінше, циклонның әсерінен қар, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады.
Кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде боран соңуы мүмкін.
Ақмола, Түркістан, Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысында тұман түседі. Жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с жетеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстау, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.