Сайлау күні солай болған
Сайлау күні солай болған
541
оқылды

Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтетін күн белгіленген сәттен-ақ елімізде саяси науқанға дайындық қызу жүрді. Еліміздегі екі партия ребрендинг жасады, атауын өзгертті, саяси науқанға «жасарып» шықты.  Сөйткен сайлау  бір күнде өте шықты. Бұл күн әркімнің есінде әрқилы оқиғамен  қалары анық. Мысалы, Мәжіліс пен мәслихатқа алғаш рет кандидат болып тіркелгендер  саяси доданың қызығы, сайлау күнгі көңіл күйін көпке дейін ұмытпайды. Бұл күн жекелеген сайлаушылар өмірінде де ерекше күн болып есте қалды.  

[caption id="attachment_102641" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сайлау күні дауыс берушілер арасында  қалыңдық киіміндегілер ел назарын аударды. Иә, сол күні үйлену тойын белгілеген жастар азаматтық борышын атқару үшін сайлау учаскесіне соға кетуді жөн көрген. Олар жалғыз емес. Біздің назарымызда мұндай екі жұп ілінді. Соның бірі –  қарағандылық жас жұбайлар – Нұрболат пен Қарлығаш қаладағы №59 мектепте орналасқан №73 сайлау учаскесінде дауыс беруге келді. Болашақ отағасы  Нұрболат Нұртай бұған дейін өткен сайлауларда да дауыс берген. Ал 10 қаңтар күнгі сайлаудың жөні бөлек. [caption id="attachment_102640" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Біз АХАЖ бөліміне неке қию туралы өтініш бергенде 10 қаңтарда сайлау болатынын білдік. Біздің тойымыз бен сайлау бір-біріне кедергі жасамайды деп санадық. Жаңа өмірге қадам басып жатырмыз, дауыс беруге де бірге барамыз деген  шешімге келдік. Бұл – біздің азаматтық міндетіміз» , – дейді ол. [caption id="attachment_102642" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сайлау күні отау тіккен Ботагөз Қалтаева мен Фахат Жанбеков те саяси таңдауын жасады. Олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, неке қияр күні әуелі № 144 сайлау учаскесінде дауыс берді.

10 қаңтар күні елордада 2 199 астаналық туған күнін атап өтті.  31 астаналық кәмелет жасына толды. Сайлауға 16 316 қала тұрғыны алғаш рет қатысты.

Әкімдіктің ресми  мәліметінше, елорданың жас тұрғын  Бауыржан Ақшабаевтың өмірінде сол күні екі бірдей маңызды оқиға болды. Ол кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс берді. [caption id="attachment_102643" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Сайлауға не үшін қатысу керек? Мен үшін оның жауабы өте қарапайым – әр азамат өз елінің өміріне араласуы керек. Бұл – ерекше сезім. Қазақстан азаматы екеніме және осындай тарихи таңдау жасауға араласқаныма қуанып әрі мақтанып отырмын», –  дейді Бауыржан ағынан жарылып. [caption id="attachment_102644" align="alignnone" width="799"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Дауыс беруде еліміздегі қариялар да белсенді болды. Алматының ең қарт тұрғыны 101 жастағы Күлтай Сәдуақасова мен 99 жастағы Таисья Антипина   өз таңдауын жасаған. Сайлау комиссиясы мүшелері қариялардың үйіне барып, қарттар таңдау жасап белгі соққан бюллетенді қабылдап алды. [caption id="attachment_102645" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Пандемияға байланысты Қазақстан Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико Хасанғалиева да өз таңдауын үйінде жасады.

«Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында үнемі дауыс беремін. Биыл біз үйде дауыс бердік. Пандемияға байланысты бүгін сайлау учаскесінің қызметкерлері үйге келетінін айтты.  Бұл күні әр адам  таңдауын жасайды. Біз де болашаққа деген сенімімізге кепіл берер партияға дауыс бердік», –  деді Ескендір Хасанғалиев.

Қарттар арасында сайлау учаскесіне арнайы барып дауыс бергендер де бар.  Ақтөбеде 105 жастағы Жақыбай Бисенғалиева №26 сайлау учаскесіне өзі барып таңдау жасады. [caption id="attachment_102646" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Бұрынғы сайлауларда   алғашқылардың бірі болып дауыс беретін едім. Қазір қартайдық, өз аяғыммен жете алмаймыз. Баламмен бірге келдім.   Қазақстаным – елім аман болсын! Өзім әр сайлауға қатысып, лайықты таңдау жасап жүрмін», – деген әжей сайлау учаскесінде бата берді. [caption id="attachment_102647" align="alignnone" width="800"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Кейбір сайлау учаскелерінде алғаш боп келгендер сыйлық таратылды.  Бір учаскеде Абай ақынның жинағын тарту етсе, енді бірі ұлттық асымызды –  шұбат пен бауырсақ ұсынған. Ұлттық тағамнан ауыз тигізген  Атырау қаласындағы «Сенім» элитарлық мектеп-балабақшасында орналасқан №7 сайлау учаскесі. [caption id="attachment_102024" align="alignnone" width="1024"]сайлау ©сурет интернеттен алынды[/caption] Атырауда және бір қызық оқиға тіркелді. Атыраулық Шынар Төлеушова 10 қаңтар күні дүниеге келген қызына Сайлау деген ат қойды. «Отбасымызда балаларға мағыналы әрі ерекше есім беру әдетке айналған. Мысалы, көктемдегі «құралай» кезінде дүниеге келген үшінші қызымызды Құралай деп атадық. Ал бүгін сайлау күні дүниеге келген төртіншіміздің есімін осы маңызды сәтпен байланыстырғымыз келді», – дейді жас ана. [caption id="attachment_102648" align="alignnone" width="800"]сайлау ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сайлау  аяқталды. Алайда саяси өмірдің көрігі енді қызады. Сайлаушылардың басым дауысын  жинаған  – «Nur Otan», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы Мәжілістегі мандатқа ие болды.  Енді заңға сәйкес Үкімет отставкаға кетеді. Ал 15 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте Мәжілістің  жаңа құрамына Үндеу жасайды.