Қазақстанда күнкөріс үшін кредит алатындар көбейді – Ұлттық банк төрағасы
Қазақстанда күнкөріс үшін кредит алатындар көбейді – Ұлттық банк төрағасы
312
оқылды

2020 жылдан бастап азаматтар алған кредит 7,36 трлн теңгеге көбейген.

«2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 трлн теңгеге дейін, яғни 10,5 пайызға көбейді. Оның ішінде, тұтынушылық қарыз 4,3 трлн теңгеге дейін, яғни 3,2 пайызға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыз – 2,3 трлн теңгеге дейін, 27,8 пайызға өсті», – деді Ерболат Досаев.

Былтыр ұзақмерзімді кредиттер – 14,65 трлн теңгеге (5,6%), қысқамерзімді кредиттер 2,1 трлн теңгеге (3,0%) дейін көбейді. Жалпы көрсеткіш 60,5 млрд теңгеге ұлғайды.

«Бизнестің кредиттік портфелі 2020 жылдың басынан бері 7,29 трлн теңгеге дейін, 1,2 пайызға артты. Бизнеске арналған теңгемен берілген кредиттер мөлшерлемесі былтыр қарашада 11,9% болды. Оның ішінде қысқамерзімді кредиттер – 11,6%, ұзақмерзімді кредиттер 13,1% болды», – деді Ерболат Досаев.