Трамп Вашингтонда болған тәртіпсіздікке өзінің қатысы бар екенін мойындады - БАҚ
Трамп Вашингтонда болған тәртіпсіздікке өзінің қатысы бар екенін мойындады - БАҚ
222
оқылды
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Вашингтонда болған тәртіпсіздікке өзінің де қатысы бар екенін мойындады, деп хабарлады Fox News телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап. Телеарнаның дереккөздерінің мәліметіне қарағанда,  Дональд Трамп  бұл туралы өкілдер палатасында республикалықтар көшбасшысы Кевин Маккартимен телефон арқылы сөйлескенде айтқан. Маккарти де  «Трамптың тәртіпсіздікке кінәлі екендігіне» келіскен. 6 қаңтарда Трамптың жақтастары Капитолийге басып кірген еді. Мұнда АҚШ конгресінің өкілдері 2020 жылғы президент сайлауына қатысқан сайлаушылардың дауысын санау үшін жиналған болатын. Сөйтіп Трамп ереуілге шыққандарды өзі шақырған. Кейін ол әлеуметтік желіде Капитолийдің алдында тәртіпсіздікке шыққандарға үндеу жариялап, үйлеріне қайтуға шақырды және президент сайлауының әділ өтпегенін мәлімдеген. АҚШ конгресінің өкілдер палатасы 11 қаңтарда президент Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы хаттама мәтінін ұсынды. Құжатқа сәйкес «Трамп бүлік ұйымдастырмақ болып, АҚШ пен үкімет институттарының қауіпсіздігіне қауіп төндірді» деп айыпталып жатыр.