Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды
151
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан екі бағытқа шығатын жол жабылды, деп хабарлайды  қалалық ТЖД. Сағат 12:10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан қаласы-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласы-Щучинск қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылды. Сағат 12:35-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қатты жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург -Алматы» автожолының 1291-21426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласы-Теміртау қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.