Желтоқсан оқиғасы құрбандарына тағзым жасалды
Желтоқсан оқиғасы құрбандарына тағзым жасалды
440
оқылды

Алматылықтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, рухына тағзым етті.

«Тәуелсіздік таңы» монументіне мемлекет қайраткерлері, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар және жастар ұйымдарының мүшелері гүл шоқтарын қойды. Содан кейін жиналғандар бір минут үнсіздікпен қаза болғандарды еске алды. Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап Құран бағышталып, ас берілді.

Айта кетейік, кеше, 16 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай қаладағы Тәуелсіздік монументіне қала басшылығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық және жастар ұйымдары, қала тұрғындары Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.