Зеленский Украина Қарулы күштері Донбастың қазіргі бақылаудағы аумағынан өз еркімен кетпейтінін мәлімдеген
Зеленский атысты тоқтатып, келіссөздерді бастауға дайын екенін мәлімдеді
162
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский қазіргі майдан шебі бойында атысты тоқтатып, соғысты дипломатиялық жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерге көшуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Зеленскийдің сөзінше, Украина әскері қазіргі тұрған позицияларында қалып, майдан шебіндегі ұрыс қимылдарын тоқтатуды ұсынады. Президент мұндай қадамды «өте үлкен ымыра» деп бағалады. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин украин жерінен әскерін шығаруға ниетті емес, сондықтан Киев атысты тоқтатып, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге көшуді ұсынып отыр.

Украина басшысы АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтатудың жолын іздеуді жалғастырады деп үміт білдірді. Сонымен қатар ол соғысты аяқтау жауапкершілігі тек Украинаға жүктелмеуі керектігін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілдері Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф Украинаға НАТО-ға мүше болу мүмкіндігін Ресейге белгілі бір аумақтық жеңілдіктер жасау шартымен ұсынғаны хабарланған. Атап айтқанда, ұсыныстардың бірінде Украинаның Донецк облысының өзі бақылап отырған бөлігінен бас тартуы қарастырылған.

Алайда Зеленский Украина Қарулы күштері Донбастың қазіргі бақылаудағы аумағынан өз еркімен кетпейтінін мәлімдеген. Оның пікірінше, мұндай шешім қабылданған жағдайда Украина қауіпсіздігінің нақты кепілдіктері болмайды және Ресей өзге аумақтарға да талап қоюы мүмкін.