"2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 247 мың адам. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 94 733 теңге", - делінген хабарламада.Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
"Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі - МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Мысалы, егер қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жыл – ең төмен күнкөріс деңгейінің 94 пайызы. Жұмыс өтілі 33 және одан да көп жыл болса, ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді", - делінген хабарламада.
Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.