Өзгерістер кезеңі өрістейді
Өзгерістер кезеңі өрістейді
163
оқылды

Ата Заңның 59-бабына сәйкес, VII шақырылымдағы жаңа Парламенттің 1-сессиясын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ашып берді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қолға алынатын кешенді реформаларға, өмірге енетін жаңалықтарға жеке-жеке тоқталып өтті. Енді барлық күш-жігер тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдырылатынын жариялады.

Қ.Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. Өткен шақырылымдағы қалаулыларға ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Елбасы жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы өзі­нің көш­басшылығын тағы бір мәрте дә­лелдегеніне екпін тү­сірді. – ХХІ ғасырдың 21 жылы – барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл ал­дағы онжылдықтың басты бағда­рын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға, бір сәтке де босаңсуға болмайды. Сон­дықтан Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғында кешенді реформа­лар жүргізілетін болады! Барлық күш-жігерді тиімді мемлекет пен әді­летті қоғам құруға жұмылдыруы­мыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақ­сартып, әл-ауқатын арттыру, – деді ол.

Әлеуметтік сала қайта жүктеледі

Мақсатқа жету үшін барлық салада дәйекті өзгерістер жаса­латынын ескерткен ол алда қандай басымдықтарға мән берілетінін нұсқады. – Бірінші басымдық құқық­тық мемлекетті дамыту және аза­маттардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Осыған орай, «Мемлекеттік бас­қарудың жаңа моделін» енгізу айрықша маңызды! Осы бағыттағы реформалар жүйені байыппен орталықсыздандыруды, мемап­паратты жаңғыртуды, квазимем­лекеттік секторды оңтайландыру­ды және барлық үдерісті цифрлан­дыруды қамтиды. Сол арқылы мемаппарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал шешім қабыл­дау үдерісі икемді әрі айқын бо­лады, – деді Президент. Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін бұрын басталған реформа соңына дейін жеткізілуі керек. Сот корпусы едәуір жаңар­тылып, оған түрлі құқық саласы­ның мамандары тартылмақ. – Құқық қорғау органдарының жұмысын да барынша өзгерту қажет. Азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгіземіз. Қоғамдық қауіпсіздік жаңа цифрлы технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Парламент заң үстемдігі, адал бәсеке және жекеменшікті қорғау қағидаттарының құқықтық негізін нығайта түсуі керек. Сонда бұл қағидаттар мүлтіксіз орында­латын болады. Бүгінде бірқатар заңнамалық ұсыныстар бойынша жұмыс істеліп жатыр. Дегенмен әлі де көптеген тың бастама көте­ріп, заңдар қабылдау қажет, – деді ол. Екінші басымдық ретінде Мемлекет басшысы күшті және инклюзивті қоғам құрудың негізгі құралы – тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты. Ал Қазақстан бұл бағытта озық елдерден артта қал­ды. Әлем «білім экономикасына» қарай жылжып бара жатыр. – Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда ілгерілеу бар. Сонымен қатар осыған дейін қордаланып қалған бірқатар мәсе­лені шешу қажет. Әртүрлі әлеу­меттік топтар мен аймақтар ара­сында білім беру сапасында ал­шақ­тық бар, оны азайту – маңыз­ды міндет. Қайта оқыту және қыз­меткерлердің біліктілігін тұ­рақ­ты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба әзірлеп, іске асыру керек! – деді Президент. Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаң­ғырту жұмысының аса көкейкесті екеніне тоқталды. Бұл мәселе, әсіресе пандемия жағдайында анық байқалды. Қ.Тоқаев әлеу­меттік қамсыздандыру саясаты қайта жүктелетінін жария етті. Мемлекет тек көмекке мұқтаж аза­маттарды қолдауға басымдық береді. – Құқық қорғау органда­ры­­ның жұмысын да барынша өзгерту қажет. Азаматтармен өзара қа­рым-қа­ты­настың сервистік мо­делін енгіземіз. Қоғамдық қауіп­сіздік жаңа цифрлы техно­ло­гия­ларды қолдану арқылы қам­тамасыз етіледі. Парламент заң үстемдігі, адал бәсеке және жеке­меншікті қорғау қағи­даттарының құқықтық негізін нығайта түсуі ке­рек. Сонда бұл қағидаттар мүл­тіксіз орын­далатын болады. Бү­гінде бір­қатар заңна­малық ұсы­ныстар бойынша жұмыс істе­ліп жатыр. Дегенмен әлі де көптеген тың бас­тама көтеріп, заңдар қа­былдау қа­жет, – деді ол. Екінші басымдық ретінде Мемлекет басшысы күшті және инклюзивті қоғам құрудың негізгі құралы – тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты. Ал Қазақстан бұл бағытта озық елдерден артта қал­ды. Әлем «білім эконо­­микасына» қарай жылжып бара жатыр. – Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда ілгерілеу бар. Сонымен қатар осыған дейін қордаланып қалған бірқатар мә­селені шешу қажет. Әртүрлі әлеу­меттік топтар мен аймақтар ара­сында білім беру сапасында ал­шақтық бар, оны азайту – маңыз­ды міндет. Қайта оқыту және қызметкерлердің біліктілігін тұ­рақ­ты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба әзірлеп, іске асыру керек! – деді Президент. Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаң­ғырту жұмысының аса көкейкесті екеніне тоқталды. Бұл мәселе, әсі­ресе пандемия жағдайында анық байқалды. Қ.Тоқаев әлеу­меттік қам­сыздандыру сая­саты қайта жүк­телетінін жария етті. Мемлекет тек көмекке мұқ­таж аза­маттарды қол­дауға басымдық береді.

3 500 ауыл жаңғыртылады

Үшінші басымдық – ұлттық экономиканың жүйелі дамуын және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету. Қ.Тоқаевтың тап­­сырмасымен кәсіпкерлердің ті­лек­терін және қоғамдық мүддені ескеретін маңызды заң жобасы әзірленіп жатыр, ол маусым айын­да Мәжіліске енгізіледі. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұ­рын басталған жекешелендіру бағ­­­дарламасы аяқталатынын ха­бар­­­­лады. Квазимемлекеттік сек­тордың миссиясы, рөлі және функ­­­циясы қайта қаралады. Елі­міздегі бас­­­тапқы индус­трия­лан­дыру да тамам­­­далуы тиіс. Отандық өнер­­­­кәсіп «ағымдағы өзгерістерге бейім­­­деліп, икемді болуы қажет». Осыған орай, ел Парламенті «Өнер­­кәсіп саясаты туралы» заңын қа­­­былдауы керек. Президент елдегі жүйелі жаң­ғырулар жалғасын табатынын, оның егжей-тегжейі 29 қаңтарда өтетін Реформалар жөніндегі Жо­­ғарғы кеңес отырысында тал­қы­­ға салынып, басты бағыттар бойын­­ша шешім қабылданатынын мә­лім етті. Жаңа Үкімет жыл соңы­­­­на дейін барлық мем­бағдар­лама­лар­ды – ұлттық жобаларға ауыс­тырып шығады. Бұл ретте «Nur Otan-ның» сайлауалды тұ­­ғырна­масындағы бастамалар бағ­дарла­малық құжат­­тарға молы­нан ен­гізілуі тиіс. өзгеріс Төртінші басымдық – аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуы. Бұл ретте бар­лық өңірді біртұтас экономикалық кеңістік арқылы байла­нысты­ратын аса маңызды салаларды дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұ­­­ларға – көліктік, энергетикалық және цифрлы инфрақұрылымдар жатады. Басқарылатын урбани­зация жүреді, соған сай даму ошақ­тарын жүйелі ілгерілетпек. Жаңа стандарттарға сәйкес, 3 500-ден астам ауылды жаңғы­р­тамыз. Айналасындағы елді ме­кен­дердің тірегі саналатын әрбір ауыл­ға баратын жолдар мен рес­пуб­ликалық маңызы бар күре­жолдар 100% жөнделеді. Жер­­­гілікті өзін-өзі басқаруды әрі қа­рай жетілдіру үшін бюджеттік рәсім­дерді жеңілдетіп, өкілді және ат­­қару­­­­шы органдардың дербестігін арттыру маңызды. Осы орайда, мен мәслихат депу­тат­­­­тарына мына мәселені баса айтқым келеді: қолға алынған өз­герістердің жедел және табысты жүзеге асуы жергілікті жер­­­дегі жұмыстың тиім­­ділігіне тіке­­­­лей байланысты, – деді Қ.Тоқаев.

5% дауыс жиған партия да жеңеді

Бесінші басымдық – саяси жаңғыру. Барлық өзгеріс жалпы­­ұлттық диалог пен мәмілеге сүйе­ніп, эволюциялық жолмен жаса­лады. Былтырғы саяси реформа­лардың І бөлігі партияларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, еліміздің демократиялық дамуына серпін берді. Партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30% квота бел­гіленді. Мәслихат сайлауына про­порционалды жүйені енгізу пар­тиялардың өңірлердегі белсен­ділігін арттырды. Парламенттік оппозиция институты – шағын саяси күштердің рөлін айтар­лық­тай күшейтеді. Ендігі маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. – Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін алдағы уақытта аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Алайда мұнымен де шек­теліп қалмауымыз керек. Саяси жүйені орнықтырып, ше­шім қа­былдау үдерісіне азаматтардың ық­пал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажет. Бұл бағытта рефор­­­малардың ІІ-бөлігін әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар жасалды. Онда барлық пар­тия­ның, соның ішінде кеше Парла­ментке өтпей қалған саяси күш­тердің де ұсыныстары ескерілді. Ұлт­тық кеңес мүшелерінің және басқа да беделді сарапшылар мен белсенді азаматтардың идеялары, бастамалары қамтылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ол Парламентке партия­лар­дың өту табалдырығын қазіргі 7%-дан 5 %-ға азайтуды ұсынды. – Осы жолғы сайлау каран­тинге қарамастан қызу өткеніне куә болдық. Кейбір партияға Мә­жіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпеді. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білікті азаматтар бар. Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуы тиіс көптеген өзекті мәселені дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай пар­­тиялардың өкілдері Пар­ла­ментке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді. Олар заң шығару жұмысының сапасын арттыруға сүбелі үлес қосары анық. Сол себепті саяси партиялардың Мә­жіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешім қабылдайтын уақыт келді. Бұл норма тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ын­таландырады. Елдегі саяси бәсе­кенің дамуына септеседі, – деді Қ.Тоқаев. Ол болашақта партия мүше­лерінің тізімін түзу және басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасау бастамасын көтерді. Осы мақсатта электронды үкімет (eGov) пор­талының мүмкіндігін пайдалану ұсынылды.

Бюллетеньге «Барлығына қарсы» кіреді

Алтыншы басымдық – аза­маттық қоғам өкілдерінің бел­сен­ділігін арттыру, жастар сая­сатын жетілдіру және қайы­рым­дылық қызметін қолдау. Жаңа Парламент алдында «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдау, онлайн-петиция институтын заң жүзінде ресімдеу, мемлекеттік жас­­тар сая­саты саласындағы заң­наманы же­­­тілдіру міндеті тұр. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты ұлт­тық жоба, мемлекеттік жастар сая­саты және волонтерлік қызмет туралы заңдар дайындалып жа­тыр. Депутаттар «жастардың әлеу­меттік қыз­­мет­тері» деген ұғым­ды заң жүзінде ре­сімдеуі керек. Қайы­­­рым­дылық қызметін жүйелі қолдауды көз­дейтін заң жобасы қаралады. Жетінші басымдық – адам құ­қықтарын толық қорғау. – Азаматтардың таңдау еркін­дігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміт­кер­лер­­дің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, ба­ла­­­малы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуы тиіс. Енде­­­­ше барлық деңгейдегі сайлау бюл­летеньдеріне «бәріне қарсы­мын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бас­та­­ма азаматтардың сайлау құқы­ғын қорғауға жағдай жасайды, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев «таң­­дауы жоқтығын ресми көр­сетудің өзі таңдау» деді. Бұдан бөлек, Президент пәр­менін арттыру үшін омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауды Парламентке ұсынды. Себебі жер­гілікті биліктің үстінен арыз-ша­ғым көп түседі. Демек, омбудс­мен институтын аймақтарда кү­­­шейту қажет. – Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мә­­­­­се­лелер, ең алдымен Парламентте талқылануы тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атса­­­лысуы керек. Азаматтардың нара­зылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату – басты талап­тың бірі. Парламенттің алдында маңызды 2 міндет тұр: сапалы заңдар қабылдау және өзекті мә­селелердің шешімін табатын ор­талыққа айналу. Жалпы, елі­міздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру қажет! Заң нормаларын әзірлеу барысында біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жа­сауды түп-тамырымен жою қа­жет,  – деген Президент Қ.Тоқаев сөз соңында «өз жұмы­сында сай­лаушылардың сұра­нысын бас­шылыққа алу керегін» депутат­тардың қаперіне салды.

Айхан ШӘРІП