«Мас» депутатты видеоға түсірген ер адам кешірім сұрады – видео
«Мас» депутатты видеоға түсірген ер адам кешірім сұрады – видео
162
оқылды
Ролик авторының айтуынша, ол видеоны қандай да бір ұйымдардың немесе жекелеген адамдардың ықпалымен түсірмеген. 
"Біріншіден кешегі Қазыбек Исаға байланысты тараған видеоға қатысты ең бірінші халықтан кешірім сұраймын. Яғни, қарапайым адамдар, әсіресе үлкен ағаларымыз менің істеген ісімді дұрыс емес деп баға беріп отыр. Демек, мен ресми түрде олардың пікірімен санаса отырып бірінші кезекте халықтан және Қазыбек Иса ағамыздың өзінен кешірім сұраймын. Шыны керек, Қазыбек аға, сіз халықтың өте жоғары сеніміне ие екенсіз.  Ендеше Парламентте нәтижелі жұмыс істеп, елге айна болыңыз дегім келеді.  Екіншіден, ескерту, бұл видеоны мен қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірген жоқпын. Өзім түсіргенімді мойындаймын.  Үшіншіден, менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде. Дегенмен егер қабылдамасаңыз заңда көрсетілген жазаны ер азамат ретінде мойныммен көтеруге дайынмын", – деді ол. 
Желіде "мас" депутаттың видеосы таралып, оған "Ақ жол" партиясы өкілдері пікір білдірген еді.