Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды
Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды
154
оқылды
Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов дүниеден өтті. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері мәліметті растады. Басқарма мәліметі бойынша, 62 жастағы Нұрлан Құлсейітов бүгін қайтыс болды. БАҚ өкілдері дәрігердің коронавирустан қайтыс болғанын жазып жатыр.