Бүгін Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты.
Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Орталықтың акушер-гинекологы Асқар Қайыржанды 16 жыл бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Акушер Жамила Құлбатырованы 15 жылға соттау туралы үкім тағайындалды. Сонымен қатар неонатолог-дәрігерлер Нұрмұхамбетов пен Жұмабаеваны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта толтырғысы келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.