"Тақиялы періштеде" Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды
"Тақиялы періштеде" Тайлақтың рөлін сомдаған актер қайтыс болды
314
оқылды

"Тақиялы періште" фильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған актер Әлімғазы Райымбеков өмірден озды.

Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған актер. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері. Алматы облысының Құрметті азаматы. Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі. https://youtu.be/xWgmiclLU3I 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түскен. Бірнеше мерекелік медаль мен Құрмет грамоталарын алған. Алматы облысы Көксу ауданының да Құрметті азаматы.