Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережесі жарияланды
Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережесі жарияланды
288
оқылды

Биыл 21 қаңтар күні бекітілген құжаттың толық мәтіні zan.gov.kz сайтында жарияланды.

Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемін мына мақсатқа пайдалана алады:

– тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша; – жеке тұрғын үй салу үшін (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) толық есеп айырысу; – ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу; – тұрғын үй қарыздарын ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру; – ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық), тұрғын үй қарызын алу; – ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу; – тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу. Зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол берілмейді.

Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты заңға қол қойды.