Бибігүл Төлегенованың есімі ЮНЕСКО-дағы ең танымал әйелдердің тізіміне енді
Бибігүл Төлегенованың есімі ЮНЕСКО-дағы ең танымал әйелдердің тізіміне енді

Қазақстанның халық артисі Бибігүл Төлегенова биыл 90 жасқа толды.

24.kz-тің хабарлауынша, шығармашылық кеш Абай атындағы опера және балет театрында өтті. 70 жылдан астам уақыт бойы киелі сахнада жүрген қазақ өнерінің бұлбұлы атанған әншінің туған жері Семейдегі Мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетін болды. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Ермак Салимов хабарлады. Бибігүл Ахметқызының есімі ЮНЕСКО-ның 20 ең атақты әйелдерінің тізіміне енді.