23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ертең күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады. Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейдіі, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейед