СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды
СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды
147
оқылды

СҚО полицейлері бір жылдың ішінде бір мыңнан аса мас жүргізушіні ұстады. Бұл жайында облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер 14 қаңтар күні «Lada Priora» автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 21 жастағы қала тұрғыны масаң күйде болған. Соттың шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 2020 жылы СҚО-да 238 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 315 адам жарақат алған, 37 адам қаза болған. Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болған әр адамның алтауы мас жүргізушінің кесірінен қаза тапқан. Мас жүргізушілердің кінәсінен 6 адам қайтыс болып, 40 адам жарақат алған. «Патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы осындай фактілерді анықтауға және жолын кесуге бағытталды. Өткен жылы облыс аумағында барлығы 1049 мас жүргізуші ұсталды. Әр 2-3 күнде солтүстікқазақстандықтың біреуі ішімдік ішкен соң рөлге отырып, өзге де жол қозғалысына бөгет етіп, елдің өміріне қауіп төндіреді», - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.