Финляндия төріндегі «Әміре»
Финляндия төріндегі «Әміре»
496
оқылды

Қазақстанның Финляндия Республикасындағы елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен Хельсинки қаласында режиссёр Джефф Веспаның «Әміре» көркем фильмі көрсетілді.

Кинотуынды қазақтың тұң­ғыш драмалық тенор дауыс­ты біртуар әншісі Әміре Қа­шау­баевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қыс­қа да жарқын ғұмырын баян­­дайды. 1925 жылы Па­риж­­­де өткен Exposition Inter­nationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңбе­рін­де өткен бүкіләлемдік музы­калық байқауда Еуропа көрерменіне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы әнші КСРО деле­­гациясы арасынан топ жа­рып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм сондай-ақ дарынды әнші Әміре Қашаубаевтың джаз орын­дау­шы­сы Джордж Гер­швин­мен достығы туралы сыр шертеді.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігі тапсырысы бо­йынша Ш.Айманов атын­дағы «Қазақ­фи­льм» АҚ тү­сір­ген, Әміре Қашау­баев ту­р­алы биографиялық ки­но­­­­­туындының көрсеті­лі­мін­де сөй­­леген Қазақстан­ның Фин­лян­­­дия Республикасын­да­ғы Тө­тенше және өкілетті елшісі Жан­на Сартбаева: «Бұл фильм дүние­жүзі бойынша адамдарды бай­ланыстыратын адамзаттың әмбе­бап тіліне айналған му­зыка өнерінің феномені туралы» деді.

Айта кетсек, ұлттық на­қыш­­та ұйымдастырылған кеш ба­рысында AALTO уни­­вер­­­си­те­тінің студенті И.Ми­зам­­бек дом­­бырамен қазақтың тама­ша күй­­лерін орындап берді. Соны­мен қатар кеш қонақтары ұлттық киім­мен суретке түсіп, ұлттық тағамнан ауыз тиді.