Не ішіп жүр балаңыз?
Не ішіп жүр балаңыз?
484
оқылды

Дұрыс тамақтанбау мен жарамсыз азық-түлік жүйе­сінің салдарынан қаншама бала зардап шегуде. Мұны ЮНИСЕФ айтып отыр. Әлем бойынша 200 миллион бала тойып тамақ ішпейді. Бес жасқа дейінгі әрбір үшін­ші баланың артық сал­ма­ғы бар. Ең өкініштісі, бұл ста­тис­тикаға біздің елі­міз де үлес қосып отыр. Мұ­ның соңы мидың баяу да­муы­на, оқу қабілетінің тө­­мендеуіне нашар им­му­­ни­­тетке, инфекцияға жоға­ры шал­дық­­­қыштыққа, тіпті кей­бір жағ­дай­­ларда өлімге әке­луі де мүм­кін екен.

Балалар есейген сайын, олар­ға ықпал ететін зиянды тамақ­танудың әсері – алаңда­тар­лық жағдай. Ол негізінен жөнсіз маркетинг пен жар­намалардың көбеюінен, шектен тыс өңделген өнім­дердің молдығынан, соны­мен қатар фастфуд пен тәтті су­сындарға қолжетімділіктің артуы­нан болып отыр.

«Балалардың тамақтану мәселесі Қазақстанда ушығып барады. Егер балалардың семіруі мен нәрлі, пайдалы тамақтарға жетіспеушілігінің өсу үрдісі дәл осылай жалғаса беретін болса, онда 2050 жылы туылған балалар бүгінгі балаларға қарағанда аз өмір сүреді және семіздік халық өлімінің негізгі екі себебінің бірі болады деп болжауға болады. Бала­лардың дұрыс тамақтанбауы қоғамның әлеуетін шектейді. Сондықтан ерте жастағы бала­лар­дың тамақтануын жақсарту ден­саулық сақтау, мектепке де­йінгі және мектептегі білім беру қызметінің басты міндеті бо­­луы керек. Бұл тұтастай алған­да елдің әлеуметтік-эко­но­ми­ка­­лық дамуының ажырамас бө­­лі­гі», – деді ЮНИ­СЕФ-тің денсаулық сақ­тау және тамақтану жөнін­де­гі үйлестірушісі Қанат Сухан­бер­диев.

Расында да, еліміздегі бала­­лардың бүгінгі тамақтану жағ­дайы алаңдарлықтай. Әсіресе, семіздік диагнозы бар балалар саны өсуде. Статистикаға сен­сек, Қазақстандағы 9 жасқа де­йін­гі әрбір бесінші бала артық сал­мақтан зардап шегуде. 5 жас­қа дейінгі әрбір он баланың бі­реуі семіздікке шалдыққан. 6 айға толмаған сәбилердің жар­ты­­сынан азы ғана, яғни тек 38 пайызы емшек сүтімен емізіледі. Мектеп жасындағы балалар қант қосылған алкогольсіз су­сын­дарды үнемі пайдаланады екен. Балалардың жартысына жуығы мұндай сусындарды апта сайын ішеді. Нәтижесінде, жас­өс­пірімдер арасындағы ар­тық сал­мақ пен семіздіктің деңгейі өсуде.

«Соңғы онжылдықтың тех­­но­­логиялық, мәдени және әлеу­­­меттік жетістіктеріне қара­­мас­тан, осы аса маңызды фак­­тіні на­зарымыздан тыс қал­ды­­рып ал­дық. Егер балалар на­шар та­мақ­танса, олар нашар өмір сү­реді. Бұған үйдегі ата-ана­ның жауапкершілігімен қатар, мек­теп асханаларының да үлес қо­сып отырғанын айту керек», – дейді ЮНИСЕФ-тің Қазақ­стан­­­­дағы өкілі Артур ван Дизен.

Мектеп асханасы демекші, бұл мәселе дәл қазір елімізде әлі оң шешімін тапқан жоқ. Мектеп асханалары мәзір дайындап, пайдалы тағам әзірлемес бұрын тиісті органдар ұсынған және сер­тификаттаған азық-түлікті сатып алу керек. Оның үстіне, бала деген сан түрлі азық-түлікті пайдалануы қажет. Күнделікті рационда міндетті түрде ет, сүт, нан, жарма, жаңа піскен көкө­­ніс пен жеміс-жидектер бо­луы шарт. Кей тағамдарды (ба­лық, жұмыртқа, қаймақ, ірім­­шік және басқа да ашымал сүт өнімдері) күн сайын жеу мін­­детті емес, бірақ бір апта көле­­мінде 2-3 рет тұтынуға тиіс. «Бүгінде мектептегі сапасыз және бей-берекет тамақтандыру жүйесі анық көзге ұрып тұра­ды. Осыдан кейін қалайша оқу­­шылардың денсаулығын ойлап, алаңдамайсың?! Мектеп тамағын зерттеу кезінде жыл сайын сол бір фактілерді анық­­тай­мыз. Мәзірді көбінде бала­­ның биологиялық құнды зат­тар­ға деген физиологиялық қа­­­­жеттілігін емес, азық-түлік­тің бағасын ескере отырып жа­сай­ды. Ол аз болғандай, кей кә­­сіпкерлер әлі күнге дейін кем өлшеп, ақшадан жеп, бас­­қаша айтқанда, баланы тонап отыр. Тамақтан жырып, бала­ның не­сібесіне ортақтасып отыр­ған мұн­дай кәсіпкерлерді тоқ­­та­та­тын уақыт жетті» дейді «Әді­лет» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Закарьянов.

Расында да, бізде әлі күн­ге де­йін балаларды тамақ­тан­ды­ру­­дың нормативті құжаттары, мек­теп тамағының ғылыми не­гіз­­делген стандарттары жоқ. Міне, мектеп асханасын жалға алып отырғандар осыны ұтымды пай­­даланып отыр. Мектеп тама­ғы­ның басым бөлігінің тұр­мыс­­тық қалдыққа айналуы да сондықтан.

Баласы мектеп асханасында тамақтанатын көптеген ата-ана түскі асқа деп ақша бере­ді, ал балалар ол ақшаны шоко­­лад­ты бәліштерге, тәтті су­­сынға жұ­м­сайды. «Хотдог секіл­ді жа­р­­­тылай дайын өнім­ді ба­ла­лар­­дың 86 пайызы күн­де­­­лікті тұты­на­ды екен. 18 па­йы­зы газды су­сын­дар­ды күнделікті ішеді. Бұл та­­ғамдарды үздіксіз пайдалану салдарынан оқушылар ара­сын­да семіздік, жүрек, жүйке жү­йе­сі аурулары, қан аздық, қан айналым жүйесінің бұзы­луы, тыныс алу, ас қорыту мүше­ле­рі­нің сырқаттануы, құрт ауруы бе­лең алып келеді. Расында да, бү­гінде бұл аурулар балаларда жиі кездесетін болды» дейді №1 қа­лалық емхананың учас­ке­лік терапевт дәрігері Гүлзия Қайырбекқызы. Осыны ескер­ген АҚШ мемлекеті 2004 жы­лы жүріп бара жатып жүрек жал­ғай­­тын фастфуд тағамдарын оқу­шылардың жеуіне тыйым сал­ған. Ал біздің мектептің асха­­на­ларында бұл тағамдар саты­лым­да әлі самсап тұр…

   


   P.S.

   

Балалардың 50 пайызында ішек жолдарымен байланысты ауру­лар бар. Қазақстан бойынша жүр­гізілген медициналық-демо­гра­фиялық зерттеулер нәти­же­­сіне көз салсақ, балалар арасындағы қан аздық (анемия) деңгейі 69 пайыздан асып түскен. Соңғы бес жылда балалардың түрлі ауруға шал­­дығу оқиғалары 22 пайыз­ға арт­қан. Жағдайдың бұлай ушы­ғуы­на әсер етуші негізгі фактор – оның тамағына қатысты екенін ұмыт­­пасақ екен.